1. Осы авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген, авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына авариялық-құтқару қызметтерін (бұдан әрі – АҚҚ), құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2018
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 жылғы № 507 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Аттестаттауға және қайта аттестаттауға кәсіби, ерікті, объектілік кәсіби АҚҚ, құралымдары және құтқарушылар жатады.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлігі дәрежесін;
2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;
3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.
4. Аттестаттауды өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін аумақтық аттестаттау комиссиялары құрылады.
5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары аумақтық аттестаттау комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.
2-тарау. Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі
6. АҚҚ және құралымдарын бастапқы аттестаттау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚ аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) АҚҚ және құралымдарының жарғы немесе ережелер көшірмесін;
3) АҚҚ және құралымдарының штат санын, құрылымын;
4) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың куәліктері мен кітапшаларының (бар болған жағдайда) көшірмелерін;
5) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №10064 тіркелген) сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің, «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №11333 тіркелген) техникалық қарап-тексеру диагностикалық карталарының, еркін үлгіде сынау актілерінің (жабдықтар үшін) көшірмелерін;
6) оқу-материалдық базаның болуы туралы құжаттардың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) көшірмелерін;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;
Полная версия