1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
аттестаттауға жіберуден бас тарту не аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады.
Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына енгізеді.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім немесе 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия

