Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.07.2018
Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11748 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.05.2018 жылғы № 224 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 705 бұйрығы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілерінің Жинағында 2010 жылғы № 2 жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
______________. Дүйсенова 
2015 жылғы 24 маусым 
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 440 бұйрығымен
бекітілген
Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары
1. Осы халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен тексеру тәртібін айқындайды.
2. Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайлары адамның иммун тапшылығының вирусы қоздыратын ауру жағдайын қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мамандарының тексерілуіне жатады, тексеруді Жасанды иммунтапшылығы синдромын алдын-алу және оған қарсы күрес саласында қызмет атқаратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.
2. Халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларын тексеру тәртібі
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мамандары шұғыл хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді.
4. Өлімге әкелген жағдайлар тіркелген кезде, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың өзара байланысқан және бір инкубациялық кезеңде 3 және содан да көп жағдайлары тіркелгенде соңғы шұғыл хабарламаны берген күннен бастап 24 сағатта эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi