«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11602 тіркелді
Редакция 14.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 22 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ________________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 10 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілді
Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 жылғы № 105 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 жылғы № 375 Бұйрығымен (21.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2018 жылғы № 743 Бұйрығымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 жылғы № 615 Бұйрығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия