Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2017
«Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 18 маусымдағы № 123 Қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 27 мамырынан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 27 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру тәртібі қолданылатын субъектілерді нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 818-823 (27894) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында:
«1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі - ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.».
2. Уәкілетті ұйымдар 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi