«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.07.2017 жылғы № 427 Қаулысына сәйкес (28.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы № 135 (28514) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.07.2017 жылғы № 427 Қаулысына сәйкес (28.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы № 135 (28514) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
4. Сыйлық алуға өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.03.2023 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сыйлықты бір уақытта әр номинация бойынша екіден аспайтын ізденушіге беруге болады, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
5. Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
6. Сыйлық мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан арнайы құрылған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен беріледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.05.2021 жылғы № 340 Қаулысымен (03.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.12.2022 жылғы № 1007 Қаулысына сәйкес (02.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және он бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Егер Комиссия мүшесінің сыйлық алуға өтінімдерді қарау кезінде тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) болса, Комиссия мүшесі сыйлық алуға өтінімдерді қарауға қатыспайды.
7. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау бұл туралы хабарландыру жасалған кезден басталады және сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылғанға дейін төрт ай бұрын тоқтатылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.03.2018 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (13.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар (бұдан әрі – ұсынатын ұйымдар) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.05.2021 жылғы № 340 Қаулысымен (03.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.
Өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген мерзімде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға өтінімді қайтарады.
10. Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.
Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінен мынадай бағыттар бойынша 6 секция құрылады: «Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Әдебиет, театр және кино», «Журналистика және қоғамдық қызмет», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым».
12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда, сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
13. Хаттама жобасы мен негіздемесі бар хабарлама хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұсынатын ұйымдар хаттама жобасы бар хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасына қарсылықтар беруі мүмкін.
13-1. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ол берілетін жылдың 1 қыркүйегіне дейін енгізеді.
Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2018 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.03.2023 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлық беру туралы қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында Республика күніне орай жарияланады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.03.2023 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2021 жылғы № 340 Қаулысына сәйкес (03.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсiмi Республика күнiне орайластырылады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.05.2021 жылғы № 340 Қаулысымен (03.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.03.2023 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығын беру қағидаларына
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2021 жылғы № 340 Қаулысына сәйкес (03.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Тегі _________________________________________________________________ Аты _________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_________________________________________________
2. Туған күні____________________________________________________________
3. Ұсынушы ұйымдардың толық атауы _____________________________________ ______________________________________________________________________
4. Номинация __________________________________________________________
5. Білімі _______________________________________________________________ ______________________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ______________________________
7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)___________ ________________________________________________________________________ ___________________________________________________
8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ________________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________
10. Байланыс телефоны __________________________________________________
11. Электрондық пошта __________________________________________________ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 1. 2.
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1038 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 30, 335-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 418-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақ КCP Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 500-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 797 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 32, 341-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 695-құжат).