Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 158 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қаңтарда № 10149 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 22.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандары:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акті;
осы бұйрыққа 2-қосымшға сәйкес нысан бойынша тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акті;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акті;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 158 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акті Акт на право частной собственности на земельный участок
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ___________________________________
Полная версия
ИС BestProfi