Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11704 тіркелді
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасынажәне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2020 жылғы № 295 Бұйрығына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (09.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырыуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 16 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 жылғы № 495 Бұйрығымен (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 859 Бұйрығымен (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2020 жылғы № 295 Бұйрығына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 666 Бұйрығымен (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.12.2022 жылғы № 715 Бұйрығымен (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 жылғы № 64 Бұйрығымен (13.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік министрінің 28.11.2023 жылғы № 105 Бұйрығымен (03.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік министрінің 12.01.2024 жылғы № 22 Бұйрығымен (өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік министрінің 09.02.2024 жылғы № 61 Бұйрығымен (өзгерту 10.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 дейін қолданыста болады)
Осы Қағидаларқ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (09.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелік ететін отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады: