«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.10.2017
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11285 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 12 қазанынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.06.2017 жылғы № 402 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс), ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық пайдалану және жөндеудің негізгі қағидаттарын анықтайды.
2. Осы Қағидалардың талаптарын өзінің қызметінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және азаматтық авиация ұйымдарының (бұдан әрі - АА) өндірістік қызметін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) қызметінің басшылық және инженерлік-техникалық персоналы іске асырады және қамтамасыз етеді.
3. ӘК ұшуын, авиациялық электр байланысын және азаматтық авиация ұйымдарында өндірістік қызметті радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды РТЖБП қызметі, қызметі осы Қағидаларда регламенттелетін басқа да бөлімшелер жүзеге асырады.
4. ӘК ұшуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы әуежайлардың, әуе жолдарының, жергілікті әуе желілерінің (бұдан әрі - ЖӘЖ), тірек қызметтерінің (пункттері) ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарымен жабдықталуына, техникалық деңгейіне, осы құралдардың жұмыс істеуінің сенімділігі мен автоматтандырылу дәрежесіне және ҰРТҚ мен байланыстың жердегі құралдарын пайдаланушы және қолданушы мамандардың дайындық деңгейіне байланысты болады.
5. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) АА ұйымы — азаматтық авиация саласында қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға;
Полная версия