Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2015
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 227 бұйрығына
3-қосымша
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығына сәйкес
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беру.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) Ғылыми кеңес хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО-дағы конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат ресімдейді, және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптамадан өткізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;
4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;
5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы куәлік береді.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы әрі тіркеуі, және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына беруі; 
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің құжаттар топтамасын ресімдеуі және көрсетілетін қызметті берушіге жеке тәртіпте қарау үшін жіберуі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптама жүргізуі және Комиссияға қарастыруға жолдауы;
4) Комиссияның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы шешімі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО-дағы конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат ресімдейді, және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптамадан өткізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;
4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;
5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.
Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент)  1-қосымшада келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар
қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар
қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi