Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 232 бұйрығына
 3-қосымша
«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемелкеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қаматамасыз етеді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;
3) көрсетілген қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін шекті уақыты – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариустардың мөрлерін беру.
Көрсетілетін қызметті беруші нотариустың мөрін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөрді беру журналында қол қою арқылы береді.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi