«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11317 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.07.2017 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (01.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (27.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-121/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.07.2017 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (01.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (27.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 6 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі
Тізбе атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.07.2017 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (01.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) Тізбенің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (27.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Дифтерия
2. Қызылша
3. Қызамық
4. Көкжөтел
5. Жәншау
6. Жел шешек
7. Эпидемиялық паротит
8. А, В, С паратифтері
9. Полиомиелит
10. Вирустың жаңа кіші түрінен туындаған адам тұмауы
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-18/2020 Бұйрығына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Менингококк инфекциясы
12. Тырысқақ
13. Іш сүзегі
14. Туберкулез (бактерия бөлінетін өкпе туберкулезі кезінде туберкулез микобактериясының бар болуына қақырық жақпасының екі реттік конверсиясына қол жеткізгенше; жіті өршіген туберкулез (менингит, миллиарлық туберкулез) түрінде науқастың өміріне қауіп төнбейтін жағдайға қол жеткенше және туберкулез микобактериясының бар болуына қақырық жақпасының екі реттік конверсиясына қол жеткізгенше; омыртқа туберкулезінде жұлын қызметінің бұзылысының асқынуында медициналық сүйемелдеуінсіз өздігінен қозғала алатын жағдайға қол жеткізгенше)
15. Күйдіргінің өкпелік түрі
16. Оба
17. Вирустық геморрагиялық қызбалар
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-18/2020 Бұйрығына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. А, Е вирустық гепатиті
19. Безгек
20. Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС)
Тізбесі 20-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-18/2020 Бұйрығымен (өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Жаңадан туындаған байланыстағы вирустық инфекциялар
Тізбесі 21-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-18/2020 Бұйрығымен (өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Жаңа кіші тип бойынша туындаған байланыстағы инфекциялар қоздырғыштары
Тізбесі 22-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-18/2020 Бұйрығымен (өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерінің (2005) 2-қосымшасына сәйкес халықаралық мәні бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардан туындайтын басқа да инфекциялық аурулар
Тізбесі 23-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-18/2020 Бұйрығымен (өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия