Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.09.2017
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
5-қосымша
«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2017 жылғы 17 қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2017 жылғы № 557 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 мамырда № 11040 болып тіркелген) бекітілген «I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: I, II, III, IV (керегі көрсетілсін) патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру не стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.08.2016 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (04.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және құжаттарын алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға талон береді, құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар қояды және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына береді, орындалу уақыты – 4 (төрт) сағат;
3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасы/бөлімінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді, I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді, орындалу мерзімі – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
5) I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру жөніндегі комиссия мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қарап, бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келісілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға енгізеді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
Полная версия
ИС BestProfi