Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
537 бұйрығымен бекітілген
Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.10.2018 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 21.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.10.2018 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес әзірленді, ішкі су жолдары бойынша жүзу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.10.2018 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Кемелерге және салдарға жазулар (литерлері мен тіркеу нөмірлері) Қазақстан Республикасының «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) сәйкес жазылады.
2-тарау. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.10.2018 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Кемелер навигациялық жабдықтаудың латералды жүйесіндегі су жолдарымен жүзген кезде навигациялық жағдайдың белгілері бойынша бағдарлай отырып, кеме жүрісі шегінде қозғалады. Навигациялық жағдай су көлігіндегі уәкілетті бақылау органының аумақтық бөлімшесі бекітетін, кемелер немесе құрамдар габариттері мен су жолының белгіленген арақатынасын сақтай отырып, кеме жүргізуші кеменің немесе құрамның белгіден белгіге қозғалысын қамтамасыз ете алатындай етіп жасалады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.10.2018 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Белгіленген кеме жүрісінен тыс, сондай-ақ кеме жүрісі жабдықталмаған су жолдарында (олар кеме қатынасы үшін жарамды болған жағдайда) жол жұмыстарын атқаратын немесе бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың кемелері жүзе алады.
4. Кеме екіжақты қозғалыс учаскелерінде қозғалыс бағыты бойынша оң белдеумен, ал бұл қиын болған жерде (жол, гидрометеорологиялық немесе өзге де жағдайлар бойынша) кеме жүрісі өзегін ұстана және бұл ретте қарсы келе жатқан кемелермен сол жақ борттары арқылы қауіпсіз айырылысуға дайындықты қамтамасыз ете отырып жылжиды.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптары салды тіркеп сүйрейтін кемеге қолданылмайды.
6. Кемелер бір жақты қозғалыс кезінде, олар бірін-бірі басып озуға ниеттенбесе, берілген жылдамдық кезіндегі өзінің тежеуіштік жолын ескере отырып, берілген жағдайлар үшін өзара қауіпсіз арақашықтықты сақтайды.
7. Кеме айналымды өтетін кемелердің артқы жағы өткеннен кейін ғана орындайды. Жақындап келе жатқан кемелердің алдында мұндай маневр өзара іс-қимылдарды келіскеннен кейін ғана орындалады.
8. Жағадан, айлақтан және басқалардан келе жатқан кеме және басқа да айлақтық құрылыстар кеме жолымен жылжып келе жатқан кемелерді кедергісіз өткізеді, ал қосымша кеме жолынан келе жатқан кеме негізгі кеме жолында жүзіп келе жатқан кемені өткізеді. Тең мәнде қиылысатын кеме жолдарындағы кемелер жақындаған кезде өзінің оң жағында басқа кеме жоқ кеменің артықшылығы бар.
9. Кемелер айлақтарда және рейдтерде маневр жасаған кезде оң борты арқылы бірін-бірі өткізуді өзара келісу бойынша жүзеге асырады; бұл ретте жүрдек кемелер суығыстырым жағдайында болады.
10. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көлдер мен су қоймаларында жүзетін және кеме жолынан тыс жүзетін кемелер, бұл ретте осы Қағидалардың 8-тарауында белгіленген, навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесіндегі учаскелер үшін тиісті қағидаларды басшылыққа алады.
11. Ұзындығы 20 метрден кемірек жеке кеме ұзындығы 20 метрден артығырақ кемелер мен құрамдардың қозғалысы мен маневр жасауына қиындық келтірмеуі қажет.
12. Сусиымдылығынсыз жағдайда жүрдек кемелердің қозғалысына жүзбелі навигациялық белгілер шамсыз кемінде 1 километрден көрінетін және айқын танылатын, тәуліктің жарық уақытында ғана рұқсат етіледі.
13. Жүрдек кемелер қозғалыс кезінде басқа кемелерге кильватер жасап жүрмейді.
Полная версия
ИС BestProfi