1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарына тауарлар туралы нақты мәліметтер берілмеген кезде мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын анықтау тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2018
Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидалары
Осы Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 26.02.2018 ж. № 294 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен белгіленген мағынада қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.09.2016 жылғы № 493 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомаларының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің лауазымды тұлғасы түсініледі.
2. Мелекттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.09.2016 жылғы № 493 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
ақшамен;
банк кепілдігімен;
кепілгерлікпен;
мүлік кепілімен;
сақтандыру шартымен.
Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылады.
Кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесіне немесе кеденге ұсынылады.
4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын (бұдан әрі – Карточка) ресімдеу арқылы жүргізіледі.
5. Карточка мемлекеттік кірістер органдарының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және мемлекетік кірістер органдары үшін, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды, оның ішінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде растайтын құжат болып табылады.
6. Карточка екі данада ресімделеді:
6-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.09.2016 жылғы № 493 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Карточканның бірінші данасы, оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде қалады;
Полная версия