1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өз қызметін моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібін айқындайды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары
Қағидалар алынып тасталды 2017 жылғы 21 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
2) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – МУҰ) – ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйымдар;
3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жалпы санның 50 %-нан кем емес бизнес-қауымдастықтарының қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган.
2-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
3. Мына:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлерді қоспағанда, МУҰ/МҚҰ моноқалаларда және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер береді.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру МҚҰ арқылы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда МУҰ арқылы жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
МУҰ ӨҮК шешімімен айқындалады.
МҚҰ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруі МУҰ кредит ресурстарын бергеннен кейін жүзеге асырылады.
Егер облыс шегінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 балл және одан жоғары жинаған МҚҰ болмаған жағдайларда не егер, ӨҮК МУҰ-ны айқындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде МҚҰ-дан өтінімдер болмаса, осы облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тікелей МУҰ арқылы не осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 балл және одан жоғары жинаған, басқа өңірде тіркелген, бірақ осы облыста филиалдық желісі бар МҚҰ арқылы жүзеге асырылады.
2. Микрокредиттер беру тәртібі
5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар алу үшін МУҰ-ға немесе МҚҰ-ға жүгінеді.
6. Шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған МУҰ-ға немесе МҚҰ-ға микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.
7. МУҰ немесе МҚҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны бағалауды жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
8. МУҰ-ның микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдауы шағын кәсіпкерлік субъектілері жобаларының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы негізінде жүзеге асырылады.
МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша теріс шешім қабылдауы үшін:
1) Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі;
2) осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген микрокредиттердің нысаналы мақсатына сәйкес келмеуі;
3) микрокредиттердің тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталуы;
4) мерзімділікті, қайтарымдылықты, ақылылықты қамтамасыз ететін мәліметтердің болмауы және кредит қаражатының қамтамасыз етілмеуі негіз болып табылады.
9. Микрокредит беру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін МУҰ немесе МҚҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісімен микрокредит беру туралы шарт жасасады.
3. Микрокредиттер беру шарттары
10. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру мынадай шарттарды қамтиды:
1) микрокредиттер қайтарымды негізде беріледі;
2) микрокредиттердің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту/салалық шектеулерсіз айналым капиталын толықтыру;
3) микрокредиттер тұтынушылық мақсатқа, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді;
4) микрокредит беру мерзімі – 5 (бес) жылдан аспайды;
5) микрокредиттің ең көп сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды;
6) соңғы қарыз алушыға негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілуі мүмкін, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс;
7) соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспауға тиіс, микрокредитті тікелей МУҰ-ға берген жағдайда микрокредит бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6 %-дан аспауға тиіс;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
8) микрокредиттерін толығымен өтеген Бағдарлама қатысушылары осы Бағдарламаның талаптары мен шарттары шеңберінде микрокредит алу үшін қайта жүгінуге құқылы.
10-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
4. МҚҰ-ның кредит беру тәртібі мен шарттары
11. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттар бойынша беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға;
2) кредит беру мерзімі – 5 жылдан аспайды;
3) игеру кезеңі – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бюджеттік кредитті алған сәттен бастап 5 жыл;
4) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту/салалық шектеулерсіз айналым капиталын толықтыру;
5) МУҰ/МҚҰ кредит бойынша негізгі борышты өтеуге жеңілдікті кезең ұсынуы мүмкін, ол кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
12. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.
13. МУҰ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес МҚҰ-ға кредит ресурстарын береді. Бұл ретте, Бағдарлама шеңберінде кредит беруге осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 және одан жоғары балл алған МҚҰ рұқсат алады.
14. МҚҰ арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.
15. МҚҰ мен МУҰ арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік шарт жасалады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
16. Микрокредит беруді МУҰ жүзеге асырған жағдайда кредиттік шарт тікелей МУҰ мен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалады.
17. МУҰ кредит ресурстарын МҚҰ-ға мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты МУҰ-ға қамтамасыз етусіз беріледі.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
17-1. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен МУҰ алған кредит бойынша шарттар шеңберінде бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша МҚҰ және (немесе) соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен МУҰ/МҚҰ кредиттеуге жол беріледі.
4-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
5. Мониторинг
18. МҚҰ берілген кредиттер бойынша МУҰ-ға ай сайынғы негізде ақпарат береді.
19. МУҰ МҚҰ-ға берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ:
1) растайтын құжаттар көшірмесін қоса беру қажеттілігін көрсете отырып, қаражатты мақсатты пайдалану туралы ақпаратты сұрату;
2) бюджеттік кредит/микрокредит берілгеннен кейін МҚҰ-ға және (немесе) қарыз алушыларға бару (бір бюджеттік кредит/микрокредит бойынша бір реттен артық баруына рұқсат етілмейді) арқылы қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
20. Мониторинг нәтижелері бойынша МУҰ осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларына 1-қосымша
Микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына кредит ресурстарын беру өлшемшарттары
Р/с № |
Іріктеу өлшемшарттары |
Көрсеткіштің мәні |
|||||||||
1 балл |
2 балл |
3 балл |
4 балл |
5 балл |
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1. |
Белсенді клиенттердің саны (бірлік) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары болады) |
50-ге дейін |
51-ден 100-ге дейін |
101-ден 150-ге дейін |
151-ден 200-ге дейін |
201-ден 250-ге дейін |
251-ден 300-ге дейін |
301-ден 350-ге дей |
351-ден 400-ге дей |
401-ден 450-ге дейін |
450 және одан жоға |
2. |
Берілген микрокредиттердің орташа мөлшері (мың теңге) (мәні қаншалықты аз болса, балы соншалықты жоғары) |
3 001-ден және жоғары |
2 501-ден 3 000-ға дейін |
2 001-ден 2 500-ге дейін |
1 601-ден 2 000-ға дейін |
1 201-ден 1 600-ге дейін |
801-ден 1 200-ге дейін |
401-ден 800-ге дей |
201-ден 400-ге дей |
101-ден 200-ге дейін |
100-ге дейін |
3. |
Меншік капиталдың жеткілікті коэффиценті (К1) (тәуелсіздік коэффиценті) (арақатынасы қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары) |
0,02 |
0,04 |
0,06 |
0,08 |
0,1 |
0,12 |
0,14 |
0,16 |
0,18 |
0,2 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
4. |
Қоржын тәуекелі (%) (негізгі борыш бойынша өтеу мерзімі 30 күннен артық кешіктірілген ағымдағы берешегі бар микрокредиттің МҚҰ-ның жалпы несие қоржынына арақатынасы) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты төмен болады) |
18,1-ден 20-ға дейін |
16,1-ден 18-ге дейін |
14,1-ден 16-ға дейін |
12,1-ден 14-ке дейін |
10,1-ден 12-ге дейін |
8,1-ден 10-ға дейін |
6,1-ден8-ге дей |
4,1-ден 6-ға дей |
2-ден 4-ке дейін |
2-ге дейін |
5. |
Ауыл халқына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіптік біліктілігі (айларда) (МҚҰ қызмет мерзімі қаншалықты көп болса, балы соншалықты жоғары болады) |
6 |
10 |
16 |
22 |
30 |
37 |
42 |
48 |
54 |
60 және одан жоға |
6. |
Операциялық өзін-өзі ақтауы (OSS) (%-да) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары болады) |
100 |
103 |
106 |
109 |
112 |
115 |
118 |
121 |
124 |
127 және одан жоға |
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнестің қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есебі
1. Кіріспе: есепті дайындаудың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мониторингтеу:
1) салалық бөліністегі жобалардың саны;
2) өңірлік бөліністегі жобалардың саны;
3) микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – МҚҰ) бөлінісіндегі жобалардың саны.
3. Мониторинг нәтижелері:
шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдер, көрсеткен қызметтер, құрған жаңа жұмыс орындары, жүргізген салық төлемдері туралы ақпарат;
МҚҰ-ға берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ қарыз алушыларға МҚҰ берген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат;
МҚҰ-ға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бару нәтижелері туралы ақпарат.
4. Қорытынды: негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар.