«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес
1. Осы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
1) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
2) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару мен есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс исламдық лизинг компаниясының уәкілетті банкі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын, Бағдарламаның облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының облыс әкімі айқындайтын, Бағдарламаның қалада немесе аудандық деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;
5) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бизнестің түрлі бағыттарында кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның шеңберінде бірнеше қаржыландыру алуға болады;
6) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
7) ислам банкі – лицензия негізінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;
9) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;
10) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
11) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді;
12) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
13) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі тауарды сатып алушы немесе сатушы кәсіпкерге коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді. Қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады;