«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарларды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 606 қаулысы
Редакция 10.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. «Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 104-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия