Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 44-құжат).
2. «Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 119-құжат).
3. «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 120-құжат).
4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 74-құжат).
5. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 167-құжат).
Полная версия