Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 620 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 620 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1066-құжат).
2. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1067-құжат).
3. «Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 88, № 1090-құжат).
4. «Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 88, 1091-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi