1. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына 1-қосымша
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 06.05.2020 жылғы № 34/қе Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензияны беру – 15 жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензияны беру, қайта ресімдеу не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол:
лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 АЕК-ті.
Полная версия

