Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2020
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
7-қосымша
«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың(өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 06.05.2020 жылғы № 34/қе Бұйрығына сәйкес 
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланд
1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланд
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап – 5 жұмыс күні.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияны тіркеу туралы шешімі не осы стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының бесінші абзацында көзделген құжатты ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны қызметті беруші қажет болған жағдайда жібереді. Нотификацияны Еуразиялық экономикалық одағына мүше емес елдің өндіруші ұйымы ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының үшінші абзацында көзделген құжатты көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Аталған құжаттарды ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін.
1-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығымен (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нотификация (бұдан әрі – нотификация);
*.xls. пішіндегі нотификацияның электрондық құжаты. Көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файлы құрылымының сипаттамасы «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағына әкелу және Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеде көрсетілген;
көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжаттың (апостиль, консулдық заңдастыру) электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасының электрондық көшірмесі қоса ұсынылады.
Нотификацияны үшінші елдің өндіруші-ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланд
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. 
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.
10-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. 
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланд
12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Шифрлау (криптографиялық)
құралдарын қамтитын тауарлардың
 (өнімдердің) сипаттамасы туралы
нотификацияларды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Стандарт қосымшамен толықтырылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
 Өтініш  
 Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеуді сұраймын. Тауарлардың (өнімдердің) атауы ___________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсету _________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы ___________________________________ ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы ___________________________________ ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, факсы, электрондық поштасы, ресми интернет-ресурсы (бар болса)_______________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ __________ құжат(-тар) қоса берiлiп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
 Уәкілетті тұлға __________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтырылған күні 20__ жылғы «___»_________
«Шифрлау (криптографиялық)
құралдарын қамтитын тауарлардың
 (өнімдердің) сипаттамасы туралы
нотификацияларды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Осы Стандарт 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 20__ж. «___» ____________№ ___________________________________ тізілімде тіркелген _____________________________________________ ______________________________________ (келісуші органның лауазымды тұлғасының қолы ) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
 ______________________________________________________________ сипаттамасы туралы (шифровалды (крипографиялық) құралдар және (немесе) олардың құрамында бар тауарлардың – керегін көрсету)
  1. Тауардың атауы _______________________________________________________________
  2. Тауардың қолданылуы __________________________________________________________
  3. Тауарды өндіруші туралы мәлімет ________________________________________________

4. Пайдаланылатын криптографиялық алгоритмдер (функциялар) және оның қолданылуы:

4-қосымшадағы

санат №

а) _____________________________________________

б) _____________________________________________

в) _____________________________________________

  5. Пайдаланылу құжаттамасында қолданушыға сипатталмаған тауардың функционалдық мүмкіншіліктерінің болуы _________________________________________________________
  ________________________________________________________________________________
  6. Нотификацияның жарамдылық мерзімі 20__ж. «__» _______
  7. Өтініш білдіруші туралы мәлімет _________________________________________________
  ________________________________________________________________________________
  8. Нотификацияны рәсімдеуге уәкілетті тұлға ретінде белгілеген өндірушінің құжаттары туралы мәлімет (қажет жағдайда) ___________________________________________________
  ________________________________________________________________________________
  9. Нотификацияны толтыру күні 20__ж. «__» _______
Нотификацияға қосылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын:
 Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Полная версия
ИС BestProfi