Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 638 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11601 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары мен олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Кеден одағына кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда) бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9627 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Рау А.
Полная версия
ИС BestProfi