«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.02.2018
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 шілдеде № 11769 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қаулы 2018 жылдың 10 ақпанынан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2017 жылғы № 81 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қалдықтары және орналастырылған салымдар туралы есеп;
2-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар туралы есеп;
4-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
6-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен жасалған «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;
8-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есеп;
9-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық мүлік және исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар туралы есеп;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есеп;
11-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есеп;
12-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;
13-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есеп;
14-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есеп;
15-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп;
16-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 8-тармағына сәйкес
Полная версия