1. Жалпы ережелер
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және қара металлургия объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Осы Санитариялық қағидалар коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірістеріне қолданылады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ауамен себезгілеу–үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету;
2) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы.
2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі басқа жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормаларын 2015 жылғы 23 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11147 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № 169 бұйрығына сәйкес сақтау қажет.
4. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағында температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген нормаларын осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақтау қажет.
5. Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық үй-жайларда жұмыс істейтін адамдар үшін жылынуға арналған үй-жайлар көзделеді.
6. Тұрақты жұмыс орындарында жылумен сәулелену, ондағы жылу көзін оңтайлы орналастыру есебінен және өндірістік жылу сақтау құралдарын пайдалану арқылы бір шаршы метрге 140 ваттан (бұдан әрі – Вт/ш.м.) аспайды.
Тұрақты жұмыс орындарында 140Вт/ш.м. дейінгі қарқынды жылумен сәулелену кезінде, жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажет, сондай-ақ қосымша:
1) 140 Вт/ш.м. 350 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, тұрақты жұмыс орындарындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с ұлғайтылады;
2) 350 Вт/ш.м 2800 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауа себезгілеу қолданылады.
7. 8-тармақтың талаптары сақталмаған және ауа себезгілеу болмаған кезде жұмыскерлерді жылу қорғауына алу, олардың жылу сәулесі көздері әсер ететін аумақта болуының шекті уақыты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес реттеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Демалу орындарындағы үзілістер жылдың салқын мезгілі үшін ауаның температурасы минус (бұдан әрі – ) 20 Цельсий градустан (бұдан әрі – 0 С) – 23 0 С, ал жылы мезгілі үшін плюс (бұдан әрі +) 21-ден +25 0 С аралығында жасалады.
8. 2800 Вт/ш.м. артық жылумен сәулелену кезінде, арнайы костюмсіз және жеке қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуге жол берілмейді.
9. Пештерде, шөміштерде, регенераторларда жұмыскерлердің қыздырылған агрегаттардың ішіне кіруі арқылы жүргізетін жөндеу жұмыстарына, ондағы ауа температурасы 40о С аспайтын және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес жол беріледі. Бұл ретте жұмыскерлер арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Полная версия