Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес 
«Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және көмірді ашық және жер асты тәсілдерімен өндіру жөніндегі өндірістік объектілердің, байыту және брикеттеу фабрикаларының қызметіне, жер учаскесін таңдауға, жабдықтары мен жұмыс орындарына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және тамақтануға, сумен жабдықтауға, желдетуге, жылытуға және жарықтандыруға, көмір өнеркәсібінде пайдаланылатын жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) анкерлеу – арнайы бөлшектермен (металл, темір бетон, ағаш өзектер) машиналар мен құрылыстардың бөліктерін бекіту;
2) байыту фабрикасы – техникалық құнды немесе кейін қайта өңдеуге жарамды өнімдерді алуға арналған минералды шикізатты алғашқы өңдеуден өткізетін объект;
3) брикет фабрикасы – көмірді арнайы жабдықтардың көмегімен брикеттеу жүргізілетін кәсіпорын;
4) брикеттеу – кейін қолдану кезінде шығынды азайту мақсатында байланыстырушы заттарды қосу немесе қоспау арқылы қоспаларды нығыздай отырып, қажетті мөлшердегі және қалыптағы брикет кесектерін алу;
5) генерация – электр энергиясын, шуды, электромагниттік дірілді және жарық тербелістерін шығару;
6) гидроциклон – ортадан тебетін күштің көмегімен шламды қоюландыруға, айналым суын ағартуға, сыныптауға және көмірдің жұқа фракцияларын байытуға арналған аппарат;
7) копер – шахта бағанының жер бетіндегі құрылысы;
8) көмір өнеркәсібі объектісі – көмір шығаруды, сорттауды, байытуды брикеттеуді, агломераттауды, сақтауды, тасымалдауды жүргізетін объект;
9) разрез – көмір кен орнын пайдалану кезінде түзілген ашық тау қазбаларының жиынтығы;
10) стробоскопиялық әсер – зат қозғалысының жеке сәттері бейнесінің тез алмасуын қабылдау, тез қозғалушы затты ауық-ауық бақылау жағдайында қабылдау;
11) тас елек – сусымалы материалдарды ірілігіне қарай елек, желтартқыштар немесе торлар арқылы елей отырып, механикалық сұрыптауға арналған құрылғы;
12) тіреу (гидротіреу) – тау жыныстарының опырылуын және кеуіп кетуін болдырмауға арналған құрылыс;
13) флотация – минералдарды өңдеу кезінде олардың ұсақ және қатты бөлшектерінің сумен ылғалданушылық айырмашылығына негізделген бөлу процесі;
14) флотореагент – флотация процесінде қолданылатын зат;
15) флокуляция – коллоидты бөлшектердің борпылдақ, үлпек тәріздес агрегаттарға бірігу процесі;
Полная версия
ИС BestProfi