Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 бұйрығына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес 
«Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Түсті металлургия объектілеріне және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын жобалау, қолданыстағыларын реконструкциялау және пайдалану кезінде міндетті және пайдалы кен қазбаларын өндірумен және байытумен, саз балшықты, фторлы тұзды, элетродты массаны, техникалық көміртегін, алғашқы алюминийді, екінші реттік алюминийді, мыс, никель, қорғасын, мырыш, кобальт, вольфрам, магний және оның қорытпаларын, титан, молибден өндірумен және өңдеумен айналысатын түсті металлургияның өндірістік объектілеріне (шахталар, кен орындары, карьерлер, ашық таулы кендердің разрездері, байыту фабрикалары тағы басқалар), алтын шығаратын фабрикаларға (бұдан әрі – АШФ), платина және платинодтар, қалайы және оның қорытпаларын сирек кездесетін және жер жынысында сирек кездесетін металдарды (бұдан әрі – СЖС) өндіру және басқа да өндірістерге, сондай-ақ қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) конвертер – техникалық оттегімен, ауамен немесе басқа да тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы штейннен болат, мыс алуға арналған агрегат;
2) түсті металлургия және тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірістік объектілері – пайдалы кен қазбаларын өндіру және байытумен, түсті металдар және олардың қорытпаларын өндіру және өңдеумен айналысатын объектілер (шахталар, кеніштер, карьерлер, разрездері ашық таулы қазбалар, байыту фабрикалары тағы басқалар), сондай-ақ қосалқы ғимараттар мен құрылыстар;
3) реторта – әртүрлі заттарды қыздыруға және айдауға арналған бұру түтігі бар химиялық ыдыс;
4) фурма – үрленген затты металлургиялық агрегаттарға жеткізетін құрылғы;
5) футеровка – футеровка – жағу пештерінің, сыйымдылықтар құбырларының қорғаушы ішкі қаптамасы;
6) шликер – қорғасын тазартудың жанама өнімі.
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға және аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемі, тау-кен өндіру өнеркәсібі алаңдарының жабдығы мен абаттандырылуы, ғимараттар мен құрылыстардың арақашықтығы 2015 жылғы 22 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11124 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 237 бұйрығына сәйкес келеді.
4. Зиянды өндірістік факторлармен күрес бойынша кешенді шаралармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған кәсіпорындарды пайдалануға енгізуге жол берілмейді.
5. Алюминий электролизі корпустарының аумағының жабық және жартылай жабық алаңдарының өтпе желсіз құрылысына жол берілмейді.
6. Өндірістік үй-жайларды санитариялық ұстау мен жинау кестеге сәйкес жүрігізіледі. Кәсіпорынның аумағында механикаландыратын тазалау және көгалды күту жұмыстарын көздеу қажет.
7. Кенішті және кенішті емес пайдалы қазбаларды өндіру және байыту бойынша айналысатын кәсіпорындарда санитариялық зертханалары Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес келеді.
3. Түсті металлургия объектілерінің өндірістік ғимараттары мен құрылыстарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпты және радиобелсенді заттары бар шикізат материалдарын қайта өңдеу жүргізілетін ғимараттар және құрылыстардың сондай-ақ май мен мазутты сақтау қоймаларының өндірістік кәрізге ағызуға арналған еңіс қабаттар болады.
9. Фтор тұздарын өндіру және алтын шығару өндірісіндегі ашық алаңдарда орналастырылатын бак аппаратурасы өндірістік және қосалқы ғимараттардың жел соғатын жағында ғимараттар мен құрылыстардың ашылатын ойықтарына дейін кемінде 25 метр (бұдан әрі – м) арақашықтықта орналастырылады.
Полная версия
ИС BestProfi