Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 бұйрығына
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес 
«Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық кағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар), Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, қызметі мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды, сондай-ақ мұнай операцияларымен (жасанды аралдармен, эстакадалармен, бұрғылау платформалармен, дамбалармен және жүзгіш бұрғылау қондырғылармен – ЖБҚ) байланысты өзге теңіз құрылыстарын жобалаумен, реконструкциялаумен, пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Гигиеналық крийтерилер бойынша мұнай өнеркәсібі объектілеріне мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады:
1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);
2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;
3) мұнай кенорындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді өңдеу, қосымша газды өндіру);
4) ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу;
5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;
3. Осы Санитариялық кағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) атмосфераның жерге жақын қабаты – жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;
2) вахтаның ұзақтығы – жүзгіш бұрғылау қондырғының бортына болу уақытының ұзақтығы;
3) жүзгіш бұрғылау қондырғысы – теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру бойынша бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзгіш құрылғы);
4) жүзу ауданы шектелмеген бұрғылау кемесі – тіркелген порттан шектелмеген қашықтыққа жүзетін кеме;
5) комингс – кеменің палубасындағы тесікке таңба салу;
6) коффердам – кемедегі тар, газ өте алмайтын бөлік;
7) құрғақ климат – ауаның жоғарғы температурасы қалыптасқан және атмосфералық жауын-шашын аз түсетін құрғақ климат;
8) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілері – өнеркәсіптің, мұнай және мұнайгаз кенорындарына барлау, пайдалануға дайындау жөніндегі мұнай операцияларын жүзеге асыратын, көмірсутегі шикізаттарын өндіретін саласы;
Полная версия
ИС BestProfi