1. Жалпы ережелер
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес
«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, қызметке, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, жабдықтарға, өндірістік үй-жайлардағы ауаға, жылу, желдету және жарықтандыруға, физикалық факторлардың көздеріне, тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды. Меншік объектісіне қарамастан жеке және заңды тұлғалар осы Санитариялық қағидалардың талаптарын орындауға міндетті.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
2) атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясы (бұдан әрі - РШК) – қазіргі немесе болашақ ұрпақтың барлық өмірі кезеңінде тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін, адамның көңіл–күйін нашарлатпай, жұмыс істеу қабілетін және өмір сүрудің санитариялық – тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін концентрация;
3) аэроклиматтық жағдайлар – тропосфера мен стратосфераның төменгі қабатында айқындалатын климаттық жағдайлар;
4) жұмыс аймағы – тұрақты түрде немесе уақытша жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлар кеңістігі;
5) зиянды заттар – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті концентрациядан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
6) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
7) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілеріне қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан бөліп тұратын аумақ;
8) табиғи жарық – үй-жайларды сыртқы қабырға конструкциясындағы жарық ойықтары арқылы түсетін аспан сәулесімен (тікелей немесе шағылысу) жарықтандыру;
9) өндірістік үй-жайлар – тұрақты (ауысыммен) немесе кезең-кезеңмен (жұмыс күні ішінде) адамдардың еңбек қызметі жүзеге асырылатын арнайы ғимараттар мен құрылыстардағы жабық кеңістіктер;
10) өндірістік объект – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім өндірумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
11) фосфор мен оның туындыларының өндірісі – құрамында фосфоры бар шикізатты өндіруді және өңдеуді, сұрыптауды, байытуды, брикеттеуді, агломерациялауды жүргізетін объект;
12) фондық ластану – атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілер бөлетін заттар арқылы атмосфералық ауаның ластануы;
13) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
14) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны.
2. Ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскелерін таңдауға, жобалауға, құрылысқа, реконструкциялауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар
Полная версия