Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.05.2020
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
3-қосымша
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2017 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 12 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
1) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі - МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі - кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын (бұдан әрі - әзірлік паспорты) Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) береді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 05.08.2019 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырады, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.04.2019 жылдан бастап)
1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
Полная версия
ИС BestProfi