1. «Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016
«Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келген кезде, Қазақстан Республикасы енбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық объектіні техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау туралы актінің электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Министрлікке Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның аты мекен-жайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
12. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқығы бар.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға құқығы бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 02 38 74 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
|
УО атауы |
УО атауы |
Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы жылдық есепті ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы Қорытынды
[РҚ берілген күні]
(күні)
[Тұтынушының атауы]
______________________________________________________________берілді
(заңды тұлғаның толық атауы, өтініш берушіні жеке кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)
Орналасқан жері: [Тұтынушының мекенжайы] _____________________________
(заңды тұлғаның пошталық мекенжайы)
[Қорытынды]
Серия:[Қорытынды сериясы]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.]
«Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
______________________________________ (уәкілетті органның атауы) ______________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы) ______________________________________
Өтініш
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН (ЖСН), куәліктің*, немесе өтініш берушіні заңды тұлға, дара
кәсіпкер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі мен
күні) инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп
ұсыну кезінде жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беруді
сұрайды.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалған құпиядан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің заңды мекенжайы (орналасқан жері):
_______________________________________________________________
Телефон нөмірлері _____________________________________________
E-mail ________________________________________________________
Факс __________________________________________________________
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
6. _____________________________
Басшы ________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
МО 20__ж. «__» ______________
Ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік
заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Полная версия

