1. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 9 тармағында көрсетілген толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған (немесе) түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
Полная версия

