Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.05.2020
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
9-қосымша
Редакция 25.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.02.2017 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (17.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.04.2019 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 12 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес
1. «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларына, сондай-ақ энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптамалық ұйымдардың сарапшыларына көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Осы стандарттың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру), көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуға қанағаттандырылған өтініші не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушыны лауазымға қызметкерді қабылдау немесе басқа қызметке ауысу туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтінішті қабылдаудың растамасы болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мына негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе)олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері не портал арқылы қабылданады.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдау растамасы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта немесе портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға (олардың сенімхат бойынша өкілдеріне) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: «Министрліктер үйі» ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістер арасында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке кіретін есікпен жабдықталған.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің - www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, сондай-ақ осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-27, 8 (7172) 74-02-38. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және
 оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр
 және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын 
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану
 қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне
 біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына қосымша
 (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
 Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _______ (рұқсат тобын көрсету)   рұқсат тобын _____________ үшін (беру, жоғарылату немесе растау)   электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне _____________біліктілік тексеруден өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын. (бастапқы, кезекті, кезектен тыс)  
Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
  Қосымша: Лауазымға қызметкерді қабылдау немесе басқа қызметке ауысу туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) 20 ___ жылғы «___» ________
Полная версия
ИС BestProfi