Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
1-қосымша
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2016 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:
1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызмет көрсету;
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына, сондай-ақ практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;
3) практикалық дағдылар алуға арналған қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге) байланысты шығындарды өтеуге) (бұдан әрі – материалдық көмек) беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналастыруға жәрдемдесу;
5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу жолымен іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
2) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
5) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;
6) жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы немесе заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
7) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының бір айдағы жиынтық табысының отбасының әр мүшесіне шаққандағы үлесі;
8) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қалаға іргелес аймақты орналасқан жер учаскесінде өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
Полная версия
ИС BestProfi