Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
2-қосымша
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2016 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларсы (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының«Халықты жұмыспен қамту туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңдарына және "Жұмыспен қамту 2020" жол картасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысы сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Бағдарлама) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
2. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде:
1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу;
2) микрокредиттер беру, оның ішінде 500 000 тенге соммасына дейін (бұдан әрі – шағын кредиттер) беру;
3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заң, бухгалтерлік және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) ұсыну;
4) 500 000 теңгеге дейінгі сомаға шағын кредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу жолымен іске асырылады.
Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шараларын ынталандыру, олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағынысты аумақтардағы кенттерде іске асырылады.
Тірек ауылдық елді мекендер кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
2) банк – тірек ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру бойынша қызметтер ұсынатын екінші деңгейдегі банк;
3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлер) келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) блок-модуль – бизнес-жобаларды қамтамасыз ету, оның ішінде шалғайдағы жерлерді энергиямен, сумен жабдықтаудың балама көздерін дайындау үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған модульді ұтқыр кешен;
6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттiк есепке алуды және республикалық бюджет пен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
Полная версия
ИС BestProfi