Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
4-қосымша
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2016 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.
Қағидалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесуге, өз еркімен қоныс аударуға, көшуді ұйымдастыруға, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;
3) еңбекші жастарға жатақханалардан бөлмелер беру;
4) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту (қажет болған кезде);
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жолымен іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) жұмыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шараларға қатысатын жеке немесе занды тұлға;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
6) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
Полная версия
ИС BestProfi