1. Осы Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабының 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 1-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 18-04/1030 Бұйрығымен (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 жылғы № 258 Бұйрығымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 26.07.2017 жылғы № 312 Бұйрығымен (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.12.2020 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 07.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
3. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері оларға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, олардың өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі.
4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
2) аукциондық зал – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
3) аумақтық бөлімшелер – ведомствоның аумақтық бөлімшелері;
4) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
5) басталатын баға – конкурстың әрбір нысаны бойынша конкурстың екінші кезеңі басталатын баға;
6) бастапқы баға – осы Қағидалардың 9 және 10 тармақтарына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;
7) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) геоақпараттық сервис – жүргізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
9) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
10) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақша сомасы;
11) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
12) конкурстың нысанасы – конкурс жеңімпазына бекітіліп берілетін аңшылық алқапта және (немесе) балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу құқығы;
Полная версия