1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 18-04/1030 Бұйрығымен (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 жылғы № 258 Бұйрығымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 26.07.2017 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.12.2020 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 жылғы № 176 Бұйрығына сәйкес (14.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (01.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі);
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.
Полная версия

