Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11528 тіркелді
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 жылғы № 878 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.