Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2019
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 2 маусымдағы
№ 558 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 09 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
2-қосымша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2019 жылғы № 452 Бұйрығына сәйкес
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген негізінде жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) жоғары оқу орны деканатының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді;
2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады;
3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды;
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды; 
6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері: 
1) деканат қызметкерінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және сараптамалық комиссия мүшелеріне жіберуі; 
2) сараптамалық комиссия мүшелерінің құжаттар топтамасын қарауы және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынуы;
3) білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің қарауы;
4) білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдауы;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауы және экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі және білім беру ұйымына жіберуі;
6) білім беру ұйымының экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі туралы бұйрық шығаруы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) жоғары оқу орны деканатының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді;
2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады;
3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды;
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды; 
6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады.
Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы               
Полная версия
ИС BestProfi