1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес
1 тарау. Жалпы ережелер
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға өтініш берген кездегі құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған жағдайда – күнтізбелік 20 (жиырма) минут ішінде,
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7. Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушібелгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен, сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті броньдаумен көрсетіледі.
Полная версия