Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына
4-қосымша
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 08.12.2015 жылғы № 618 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
Тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, ақпарат алуға сұрау салу кезінен бастап үш күннен кешіктірмей беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады).
Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері, сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес, уақытша, банкротық және оңалту басқарушылары, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) дәлелді сұрау салуы бойынша беріледі. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иеленушінің келісімімен беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтіжесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орны мен алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
Полная версия
ИС BestProfi