Близость слов: Окончание:





Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11779 тіркелді
Редакция 24.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) және 23-12) тармақшаларына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.04.2020 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)644679028]], 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 26 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
_________________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 27 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460
1-қосымша
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 588 Бұйрығымен (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 жылғы № 700 Бұйрығымен (31.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығымен (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.04.2020 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) тармақшасы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау, 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібін анықтайды, сондай-ақ «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» және «Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін анықтайды.
Полная версия
ИС BestProfi