Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.03.2015 жылғы № 230 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларын орнату қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 1355 қаулысымен
бекітілген
Электр қондырғыларын орнату қағидалары
1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Электр қауіпсіздігінің шарттары бойынша электр қондырғылары Қағидаларда 1 кВ дейінгі электр қондырғылары және 1 кВ жоғары (кернеудің қолданыстағы мәні бойынша) электр қондырғылары болып бөлінеді;
2) ашық немесе сыртқы электр қондырғылары - ғимаратты атмосфералық әсер етуден қорғамайтын электр қондырғылары.
Тек қана қалқамен, торлы қоршаулармен және т.с.с. қорғалған электр қондырғылары сыртқы электр қондырғылары ретінде қаралады;
3) жабық немесе ішкі электр қондырғылары – атмосфералық ықпалдан қорғайтын ғимараттың ішінде орналастырылған электр қондырғылары;
4) электр үй-жайы – білікті қызмет көрсетуші персонал үшін ғана қолжетімді электр қондырғылары орнатылған үй-жай немесе үй-жайдың оқшауланған бөлігі;
5) құрғақ үй-жайлар – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-дан аспайтын үй-жай. Осындай үй-жайларда 1-тармақтың 9) - 11) тармақшаларында келтірілген жағдайлар болмаған кезде олар қалыпты деп аталады;
6) ылғалды үй-жайлар – бу немесе конденсатты ылғал аз мөлшерде тек қысқа уақытта ғана бөлінетін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-дан астам, бірақ 75 % аспайтын үй-жайлар;
7) сызды үй-жайлар – ұзақ уақыт бойы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75 %-дан асатын үй-жай;
8) өте сызды үй-жайлар – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 %-ға жақын (төбе, қабырға, еден және үй-жайдағы сызданған құралдар) үй-жай;
Полная версия
ИС BestProfi