Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
"Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 48 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 513 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 924 Бұйрығымен (22.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттеп бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығып тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі аңықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одап әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кезде өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш;
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметтерді қамтатын электрондық құжат;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарын қамтатын электрондық құжат ұсынылады;
жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспары; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтатын электрондық құжат ұсынылады;
4) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларын қамтатын электрондық құжат ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркеу) туралы "электронды үкімет" шлюзі құжаттарды лицензиялау туралы мәліметті арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердеп алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күн көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесі анықталғанда;
2) өтініш берушінің және (немесе) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағида (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселсі арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында, оның тегі, аты-жөні, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде, шағымды қабылдаған адамның тегі мен атын, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсеті отырып, тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинет" өтініші туралы ақпаратқа қолжеткізуге болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзгеде талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сі болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
"Жарылыс жұмыстарын
 жүргізуге рұқсаттар беру"
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 Қосымша
Заңды (жеке) тұлғаның
 деректемелері (мекенжайы,
 ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
 Қазақстан Республикасы
 Индустрия және
 инфрақұрылымдық даму
 министрлігінің Индустриялық
 даму және өнеркәсіптік
 қауіпсіздік комитетінің
 аумақтық (облыстар,
 республикалық маңызы бар
 қалалардың, астананың
 қалаларының) департамент
 басшысына
 ___________________________
 Тегі, аты, әкесінің аты
 (болған жағдайда)
 (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге Өтініш
        __________________________________________________ Сізден қарауды және  
        __________________________________________________________мақсатында  
        ____________________________________________________________________  
        ____________________________________________________________________  
        (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)  
жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
        Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ___________________________  
        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының  
       ____________________________________________________________ жүктелді.
        Жарылыс материалдарын сақтау орны__________________________________  
       ____________________________________________________________________
Салалық тиістілігі бойынша лицензияны беру күні мен нөмірі көрсетілсін  
       (бірінші және екінші тармақтарда екі лицензияның болуы да міндетті).
Негізгі қызмет түрі лицензиялануға жатпайтын болса, 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.
1. Көмірсутек саласында, тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия, лицензияға мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен:
1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.
2. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияға пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен:
1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.
3. Лицензияға қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы:
1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
Полная версия
ИС BestProfi