«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 260, 266, 322, 329-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10884 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 215 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 26 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Полная версия