«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2019
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10926 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Султанов 2015 жылғы 1 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) атқарушы орган – атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Полная версия