«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Внимание! Документ утратил силу с 28.02.2016
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 тамызда № 11827 тіркелді
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 28 ақпаннан бастап ҚР Энергетика министрінің 24.12.2015 жылғы № 748 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 жылғы № 824 Бірлескен бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің Энергетика министрі
міндетін атқарушы
________________ М. Құсайынов _____________ В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы _____________ С. Айтпаева 30 маусым 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Полная версия

