Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11773 тіркелді
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2020 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (05.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2022 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 5 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 25 маусым
Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 233 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2020 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (05.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тұқым шаруашылығы туралы заң) 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау тәртібін, сондай-ақ «Бірегей, элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2022 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;
2) бірегей тұқымдар – ауыл шаруашылығы өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;
3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар – элиталық тұқымдардың жылдар бойынша кейіннен көбейтілуі: бірінші жыл – бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл – екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл – үшінші көбейтілген тұқым;
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2022 жылғы № 367 Бұйрығымен (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)