Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 4-5/223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11366 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
       ______________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 15 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
       ______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 17 наурыздағы
 № 4-5/223 бұйрығымен
 бекітілген
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2016 жылғы № 173 Бұйрығына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Р/с
Бiлiктiлiк талаптары Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1 Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысу Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған)  
2 Мақта қолхаттарын беруді есепке алу*   Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді
3 Меншiк құқығында мақта тазалау зауытының бар-жоғы Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны Көрсетілетін қызметті беруші «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алады
4 Мақта тазалау зауытында:
кемiнде бiр мақта қабылдау пунктiнiң;
шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың;
таразы жабдығының;
желдету жабдығының;
тиеу-түсiру механизмдерінің;
өрт сөндіру құралдарының; мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың; мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлiнген орынның бар-жоғы
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді
5 Мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде: шиттi мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
таразы жабдығының;
желдету жабдығының;
өрт сөндіру құралдарының;
сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың;
тиеу-түсiру механизмдерінің бар-жоғы
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді
6 Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң және аумағында қоршаудың бар-жоғы Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді
7 Тиiстi бiлiмi бар (басшылар үшiн – жоғары техникалық немесе технологиялық бiлiм, мамандар үшiн – ортадан кейінгі (техникалық немесе технологиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының бар-жоғы Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді
Ескертпе: *осы біліктілік талабына лицензиаттың сәйкестігін тексеру лицензиялық бақылау барысында жүзеге асырылады.
Мақта қолхаттарын беру арқылы
 қойма қызметі бойынша қызметтер
 көрсету жөніндегі қызметке
 қойылатын біліктілік талаптарына
 қосымша
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
 кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының нөмірі және күні _____________
Жылжымайтын объектінің кадастрлік нөмірі ____________________________
 Жылжымайтын объектінің мекенжайы ____________________________________
 Мүлік иесі (құқығын иеленуші)________________________________________
 Құқықтың пайда болуының негізі_______________________________________
Мақта тазалау зауытында бар-жоғы туралы мәліметтер:
Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 20__ жылғы «__» ________ бар-жоғы Жай-күйі
1 2 3 4
Мақта қабылдау пункті дана    
Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу бойынша технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық сағатына дана/тонна    
Таразы жабдығы дана    
Желдету жабдығы дана    
Тиеу-түсіру механизмдері дана    
Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана дана    
Мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлінген орын      
Өрт сөндіру құралдары дана    
Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта
қабылдау пунктінде бар-жоғы туралы мәліметтер:
Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 20__ жылғы «__» ________ бар-жоғы Жай-күйі
1 2 3 4
Шитті мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң шаршы метр    
Таразы жабдығы дана    
Шитті мақтаның сынамаларын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдық сағатына дана/тонна    
Тиеу-түсіру механизмдері дана    
Желдету жабдығы дана    
Өрт сөндіру құралдары дана    
Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған
жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде мыналардың бар-жоғы
 өткізу режимі, аумақ қоршауы_________________________________________
 қоршау құрылыстары___________________________________________________
Тиісті білімі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті
құрамының бар-жоғы туралы мәліметтер:
Р/с
Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазымы Білімі бойынша мамандығы Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
1 2 3 4 5
         
Полная версия
ИС BestProfi